USD
USD
USD

Қытайдағы індет: көз жұмғандар саны 362-ге жетті

 Дүйсенбі күні Қытайдан тараған коронавирус індетінен 362 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Әзірге марқұмдардың біреуінен өзгесі Қытай аумағында қайтыс болған.

Қытайдағы індет: көз жұмғандар саны 362-ге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE.  Уханьда қайтыс болғандардың саны 2003 жылы Қытайды шарпыған респираторлық синдромның ауыр түрінің індетінің (SARS) құрбандарынан асып кетті. Дүниежүзі бойынша осы ауруды жұқтырғандардың саны 17 мың 300-ге жетті. Желтоқсан айында Ухань қаласынан шыққан вирус бүгінде әлемнің 27 еліне тарап кеткен. Қытайдың өзінде 60 миллионға жуық адам қалаларда үйқамауда отыр.

Дүйсенбі күні Үндістанда коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелгені белгілі болды. Ал АҚШ-та осы індетке шалдыққан науқас саны 11-ге жетті.

3-ақпанда Мальдивы аралдарының үкіметі Қытай азаматтарының келуіне тыйым салғандарын мәлімдеді.   

 

 

Қазір оқып жатыр

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқыру ісі бойынша сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер