USD
USD
USD

Қытайдағы Boeing ұшағының құлаған орнында жолаушылардың мәйіттері табылмаған

Құтқарушылар Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының сынықтары арасынан аман қалғандарды, сондай-ақ жолаушылардың мәйіттерін әлі тапқан жоқ.

Қытайдағы Boeing ұшағының құлаған орнында жолаушылардың мәйіттері табылмаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың орталық телеарнасы мәліметінше, іздестіру-құтқару тобы сейсенбі, 22 наурыз күні сағат 09:50-де  апат орнынан апатқа ұшыраған лайнердің сынықтарын тапқан.

"Алайда әзірге із-түзсіз жоғалғандар табылған жоқ", – дейді қызмет өкілдері ұшақ құлаған жерде жолаушылардың мәйіттерінің жоқтығы туралы.

Жолаушыларды іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы аймақ арқылы қозғалыс үлкен қиындықтар туғызып жатқаны анықталды.

Ұшақ Куньмин қаласынан Гуанчжоуға ұшып бара жатқаны белгілі.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері