Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық тарды Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

 Қымбатты отандастар!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы.

Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге 665 майдангер мен 100 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алуда. Олардың ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмайды. Соғыс және тыл ардагерлеріне, барша қазақстандықтарға бейбіт тіршілік, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық