USD
USD
USD

Қытайда жалған вакцина жасала бастады

Қытай полициясы арнайы операция жасау барысында коронавирусқа қарсы жалған вакцинаның үлкен партиясы алынды. 

Қытайда жалған вакцина жасала бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Барлығы үш мыңнан астам жалған вакцина табылды. Сондай-ақ, сатылым жолын, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің көмегімен ампулаға тұзды ерітінді құйып жүрген цех табылып, жойылды.

80-нен астам адам ұсталып, қаскүнемдер "вакцинаны" құрбандарына қымбатқа сатқан. Сонымен қатар, ресми вакцинация азаматтар үшін ақысыз және тек лицензияланған орталықтарда жүргізіледі.

Қытайда егу науқаны Sinovac өндірісінің препаратымен жүзеге асырылады.

Бұған дейін Қытайда коронавирусты тексерудің жаңа әдісі — анальды жағындыны қолдана бастағаны туралы хабарланған болатын. Бұл ерекше әдіс басқа да сынақтармен қатар қолданыла бастаған. Процедура барысында тұз сіңген мақта тампоны анусқа шамамен екі-үш сантиметрге енгізіледі. Bloomberg ақпаратына сәйкес, бұл процедураны Бейжіңдегі мыңнан астам мектеп оқушысы мен мұғалімге мектептердің бірінде симптосыз науқас табылғаннан кейін жасаған. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы