USD
USD
USD

Қытайда зауыт жарылды

Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы Байсе қаласындағы Пинго алюминий зауытында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Қытайда зауыт жарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 20 қазан күні кешкі сағат 21:20 шамасында болған. Жергілікті құтқарушылар өндірістік нысандағы жарылыстан кейін тұтанған өртті тез арада сөндірді.

Қазіргі уақытта 6 адамның аман қалғаны, оның 4-уі жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, тергеу жүріп жатыр.

Зауыт 2021 жылы жеке инвестиция есебінен салынған. Болжам бойынша, жарылыс жоғары температура контейнерінен болған, соның салдарынан зауыт жабдықтары қираған. Оқиғаның салдарынан кәсіпорынның жанында орналасқан үйлер де бүлініп, қираған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев