Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайда вирустың таралуы неге азайды?

Қытайда 2021 жыл басталғалы алғаш рет бір тәулікте бір де бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырмаған. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеті мәлімдеді.

Қытайда вирустың таралуы неге азайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың мәліметінше, Қытайдың медицина мекемелерінде әлі вирус жұқтырған 277 науқас ем алып жатыр.

Жалпы шет елден келген, инфекцияға шалдыққандар саны 4804-ке жетті, оның 4527-і жазылып шықты.

Статистика бойынша, ҚХР құрлық бөлігінде вирус жұқтырғандардың 93,58% жазылған.

Инфекцияға шалдыққандар саны – 89,7 мыңнан асты, өлім көрсеткіші - 5,16% (4,6 мыңнан аса адам қайтыс болды). Қазіргі күні инфекцияға шалдыққандармен тығыз байланыста болған 27,6 мың тұрғын медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Өткен тәулікте Қытай билігі еш белгісі жоқ 16 вирус тасымалдаушыны анықтады, оның 15-і шетелден келген.

Қытай үкіметі симптомсыз тасымалдаушыларды жалпы статистикаға қоспайды және бөлек бағанда көрсетеді.

Жалпы 639 симптомсыз науқасты медицина қызметкерлері бақылап отыр, оның 291-і шетелден келген.

Қытай медицина сарапшыларының айтуынша, коронавирус жұқтыру оқиғаларының азаюына Қытай аймақтарында қабылданған қатаң санитария-эпидемиялогиялық шаралар және шетелден келген және тауар импорттайтын адамдарға қатысты ережелер себеп болды.


 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық