USD
USD
USD

Қытайда туу көрсеткіші төмендеді

қытайда 2020 жылы туу коэффициенті  1000 адамға 8,52 баладан болды. Бұл соңғы 43 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Қытайдың статистика зерттеушәлері осындай хабар таратқан. 

Қытайда туу көрсеткіші төмендеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың статистика деректеріне сәйкес, 2020 жылы туу коэффиценті 1 мың адамға шаққанда 8,5 баладан келген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдегі мың адамға шаққандағы халықтың табиғи өсімі 1,45 деп тіркелген. Бұл да 1978 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш.

Демографтар бұл жағдайды елде репродуктивті жастағы әйелдердің азаюы және коронавирус пандемиясымен байланыстырып отыр. ҚХР Азаматтық істер жөніндегі министрліктің деректеріне сәйкес, осы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша 5,88 миллион неке қиылған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 17,5% есе аз. Осы жылдың мамырында Қытай билігі отбасыда үш бала өсіруге рұқсат берді.

Аталған шара демографиялық құрылымды жақсарту және халықтың қартаюына жауап қайтару стратегиясын жүзеге асыру мақсатында қабылданған болатын.

Еске сала кетейік, 1970 жылдардың ортасынан бастап Қытайда тууды шектеуге бағытталған қатал демография саясатсы жүргізілген. Отбасыда тек бір бала өсіруге рұқсат етілген.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-да 1,41 миллиард адам тұрады.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы