USD
USD
USD

Қытайда тағы да құс тұмауы тіркелді

Сычуань провинциясындағы құс фермасында жоғары патогенді H5N6 құс тұмауы пайда болған. Бұл туралы 10 ақпанда Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Қытайда тағы да құс тұмауы тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоғары патогенді құс тұмауы Наньчун қалалық округінде орналасқан фермада басталған. Фермадағы 2 497 үй құсының 1 840-ы ауру жұқтырып, қырылып қалған. 

Індет тарап кетпеуі үшін 2 мың 200-ден астам үй құсы өлтірілген.

Бұған дейін қаңтар айында Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 құс тұмауы бұрқ еткен еді. Бұл провинция коронавирустың орталығына айналған Хубэй провинциясына көрші орналасқан.  

Қазір оқып жатыр

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz