USD
USD
USD

Қытай Sinovac вакцинасын балаларға салмақ

  Қытай Sinovac фирмасының COVID-19 вирусына қарсы шығарған CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға қолдануға рұқсат берді.

Қытай Sinovac вакцинасын балаларға салмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Бұл туралы Sinovac фирмасының төрағасы Инь Вэйдун мәлім етті. Global Timesбасылымы Sinovac басшысы Инь Вэйдуннің мәлімдемесіне сілтеме жасап жазуынша, CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданған.

«Бірақ вакцина қандай жағдайда салынады және қай жастан бастап қолданылатыны әлі шешілмеген», - деді компания басшысы. Sinovac аталмыш жас аралығындағы к линикалық сынақтардың І және ІІ кезеңін аяқтады, оған бірнеше жүздеген ерікті қатысты. Сынақ қорытындысы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетті. Маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуын мақұлдады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер