USD
USD
USD

Қытайда шығарылған дәрілерді лицензиясыз сатып келген

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ШҚО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерімен бірге сертификатталмаған дәрілерді сату фактісін анықтады.

Қытайда шығарылған дәрілерді лицензиясыз сатып келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы сауда үйлерінің бірінде өкілетті органдарда тіркеусіз заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды. Атап айтқанда, 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны Қытайда шығарылған дәрілік заттарды сату бойынша лицензиясыз қызметті жүзеге асырған. Сауда орнын тексеру барысында Қазақстан Республикасында рұқсат құжаттарынсыз сатылымға шығарылған 48 түрлі вирусқа қарсы дәрілік заттар мен антибиотиктер заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1 б. (заңсыз кәсiпкерлiк) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов