USD
USD
USD

Қытайда шектеу шаралары күшейтілді

Қытай билігі елде таралған коронавирус індетіне байланысты шектеу шараларын күшейте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайда шектеу шаралары күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен тәулікте қауіпті инфекцияны 109 адам жұқтырған. Науқастар елдің бірнеше провинциясында анықталған. Ең көбі Қытайдың Хубэй провинциясында шығып отыр. Қазір онда карантин жарияланды. Тұрғындар үшін өңірге кіріп-шығу шектелді. Ауру ошақтары Бейжіңде де табылған. Бұл жерде тіркелген науқастардың саны аз болса да темірдей тәртіп орнатылды. Кей өңірде такси қызметі тоқтатылды. Такси жүргізушілері мен азық-түлікті үйге әкеліп беру қызметінің мамандарына коронавирусқа қарсы екпе егіліп жатыр.

Айта кетейік, Қытайда індеттің таралуын тежеу үшін қолға алынатын шаралар бірізге қойылған. Жергілікті билік аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алып, тұрғындарды жаппай тестілеуден өткізе бастады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян