USD
USD
USD

Қытайда шекаралық сауда жеңілдей бастады

Қытайда негізгі өткізу пункттеріндегі бизнес-ортаны оңтайландыруға және трансшекаралық сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдету науқаны басталды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

Қытайда шекаралық сауда жеңілдей бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алты мемлекеттік мекеме, соның ішінде ҚХР Бас кеден басқармасы бастамашы болған науқан Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай және Чунцин сияқты 12 провинцияның 17 қаласында бес ай бойы жалғасады.

Смарт-өткізу пункттерінің құрылысын тереңдету және оларды цифрлық трансформациялау, сондай-ақ сыртқы сауда индустриясын жаңғыртуды, бизнестің жаңа нысандарының салауатты және тұрақты дамуын қолдау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, логистикалық сектордың және трансшекаралық кедендік ресімдеу үшін жеткізу тізбегінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын жақсарту, импорт пен экспортты орындау шығындарын стандарттау және азайту, сыртқы сауда субъектілерінің оңтайлылығын шешу шараларына күш-жігер жұмсалатын болады.

2022 жылы Қытай елдің 10 қаласында трансшекаралық сауданы жеңілдету үшін арнайы науқанды бастады. Акция аясында енгізілген барлық 10 реформа мен инновациялық іс-шара сәтті жүзеге асырылып, жергілікті кеден органдары шығарған 501 шара да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай