USD
USD
USD

Қытайда пневмонияның белгісіз түрі тарауда

Елдің провинцияларының бірінде қатерлі вирусқа шалдығудың бірнеше оқиғасы тіркелген.

Қытайда пневмонияның белгісіз түрі тарауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың Ухань  қаласында өкпе қабынуының белгісіз вирустық түріне қатысты 27 дерек тіркелген, жеті адам ауыр халде ауруханада жатыр. Тағы екі адам жазылып, ауруханадан шығады деген ақпар бар. Қытай билігі мамандарға жаңа пневмонияның қоздырғышын табуға нұсқау берген. Әзірге дәрігерлердің ауру жұқтырғаны немесе вирустың адамнан адамға жұққаны жайлы дерек тіркелмеді. Ауру жұқтырғандардың дені жаңа ауланған теңіз өнімдерін сататын базар жұмысшылары екені анықталды.

Науқастар қызуы көтеріліп, денесі қалтырайтынын, кейбірінің тынысы тарылатынын айтып шағымданған. Жекелеген жағдайда дерт өкпеге шапқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұл өкпе қабынуының жаңа ауыр түрі деп пайымдайды.

Бұған дейін 2003 жылы әлемді жайлаған пневмониядан 700-ден астам адам көз жұмған. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт