USD
USD
USD

Қытайда омикрон штамы тіркелді

Қытайдың Тяньши қаласында коронавирустың омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді. 

Қытайда омикрон штамы тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Аурулардың алдын алу мен бақылау муниципиалдық орталығының дүйсенбі күні жарияланған хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Хабарламада вирус жұқтырған адамның шеттен келгені айтылған. Ауру симптомсыз өтеді, қазіргі таңда науқас арнайы бөлінген ауруханада ем алып жатыр. «Осылайша құрлықтық Қытайда омикрон штамы алғаш рет пайда болды»,- делінген Тяньцзинь қаласының эпидемиологиялық штабының мәлімдемесінде.

Қытай мегаполисінің билігі тұрғындарды COVID-19 вирусының алдын алу мен сақтандыру шараларын мұқият ұстануға шақырды. Яғни маска тағып, қолды жиі жуып отыру керек және әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн. Тяньцзинь ҚХР-дың орталық бақылауындағы қала, онда 13 млн-нан астам халық тұрады. Қытай мегаполисі ел астанасы Бейжіңнен 100 шақырым қашықтықта жатыр.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі