Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайда маймыл вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді

Қытайда екі приматқа зерттеу жүргізген мал дәрігері маймыл В вирусынан қайтыс болды. Осылайша аспан асты елінде маймылдардың В вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді.

Қытайда маймыл вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайтыс болған 53 жастағы мал дәрігері Пекин қаласының тумасы. Наурыз айының басында ол өзінің приматтарға арналған эксперименталды зерттеу жұмысының аясында өлген екі маймылдың денесін кескен. Бір айдан кейін одан жүрегі айну, құсу мен дене қызуы секілді белгілер байқалған. Дәрігер 27 мамырда қайтыс болған.

Зерттеулер ветеринардың маймылдардың В вирусын (BV) жұқтырғанын растады. Бұрын Қытайда бұл инфекциядан өлім немесе инфекцияның клиникалық айқын жағдайлары белгілі болған емес.
Ветеринардың туыстарын тексеру кезінде олардан атаулы вирустың белгілері анықталмаған.

1932 жылы белгіленген вирус маймылмен тікелей байланыста және дене секрецияларының алмасуында жұғады. Бұл вирустан қайтыс болу деңгейі – 70-тен 80 пайызға дейін. Қытайда қазірдің өзінде зертханалық макакаларды бақылауды күшейтуге, сонымен бірге ветеринарларды қорғауға шақыруда.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті