USD
USD
USD

Қытайда коронавирус жұқтырған адамдар саны артып келеді

Соңғы тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырған 40 жаңа жағдай анықталды, олардың арасында көз жұмғандар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қытайда коронавирус жұқтырған адамдар саны артып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 11 маусымнан бері соңғы бес күн ішінде коронавирус жұқтырған жаңа жағдайлар саны Қытай астанасында 100 адамнан асты.

Олардың басым көпшілігі Бейжіңнің оңтүстік-батыс бөлігіндегі «Синьфанди» көтерме азық-түлік базарынан анықталды. Бейжіңдегі «Фэнтай» ауданында «әскери жағдай режимі» енгізілді.

Онда «Синьфанди» базарына жақын орналасқан 20-дан астам тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Коронавирустың өршуіне байланысты Бейжіңнің басқа аудандарында эпидемиологиялық қауіп деңгейі көтерілді. Бейжің билігі биылғы жылдың 30 мамырынан бері осы базарға келген 200 мыңға жуық тұрғынның пәтерлерін аралап тексеруге, 100 мыңға жуық әлеуметтік қызметкерді жұмысқа тартты. 90 мыңға жуық тұрғын COVID-19-ға тест тапсырды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бейжің қаласы Инфекциялық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сарапшылары елорда халқын жаппай тестілеу қажет деген қорытындыға әлі келген жоқ.

Еске салсақ, Қытайда Қытайда бір тәулікте 77 мыңға жуық адам коронавируске тест тапсырды. К еше вирустың таралуына байланысты Бейжіңнің үш ауданы мен маңындағы қалаларда әскери жағдай енгізілгені туралы хабарлаған едік .

Қазір оқып жатыр

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы