USD
USD
USD

Қытайда iPhone өндірісі тоқтап қалды

iPhone шығаратын тайвандық Hon Hai Precision Industry компаниясы Қытайдағы жұмыскерлерін карантинге байланысты үйлеріне қайтарды. 

Қытайда iPhone өндірісі тоқтап қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Bloomberg агенттігінің айтуы бойынша, коронавирустың таралуына байланысты гаджеттерді өндіру жұмыстарын жүргізумен айналысатын бірде-бір адам қалмаған. 

Аурудың таралу қаупін азайту үшін Қытай билігі жаңажылдық демалыстың мерзімін ұзартқан. Аталмыш компания өндіріс жұмысын тек 10 ақпаннан бастауды жоспарлап отыр. 

Ал мерекелік демалыстарға орай үйлеріне қайтпаған жұмыскерлер жеті күнге оқшауланды. 

Foxconn — iPhone-ның көп бөлігін өндіретін Apple-дің ең ірі мердігері. Қытайдағы жағдайға байланысты компания Вьетнамдағы, Мексикадағы және Үндістандағы өндірісін кеңейтті.

Бұған дейін Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты өндірістердің жабылуынан смартфондар мен басқа да гаджеттер бағасының өсетіні хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика