USD
USD
USD

Қытайда індеттің тағы бір ошағы анықталды

Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті коронавирус індетінің тағы бір ошағы анықталғанын мәлімдеді. Ведомство дерегі бойынша, дерттің күрт таралуы Цзилинь провинциясында тіркелген.

Қытайда індеттің тағы бір ошағы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы тәулікте елде 118 адам вирус жұқтырған. Оның 43-і – Цзилинь тұрғындары. Өткен аптада бұл провинцияда бірен-саран адамның ауруға шалдыққаны хабарланған еді. Бұған дейін мұндай динамика елдің шығысындағы Хэбэй провинциясында байқалған еді. Бір тәулікте бұл жерде 35 науқас тіркелді. Бейжің қаласы Хэбэй территориясында орналасқандықтан, провинция тұрғындарына шаһарға баруға тыйым салынды. Жалпы, Қытайда пандемия басталғалы 88 мың адам вирус жұқтырған. Оның 82 мыңы ем-дом қабылдап жазылса, 4,6 мыңының ауруы асқынып қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары