USD
USD
USD

Қытайда ешбір белгісі жоқ коронавирустың жаңа түрі табылды!

Дәрігерлер «

Қытайда ешбір белгісі жоқ коронавирустың жаңа түрі табылды!
Фото: NEGE.kz

бұл ауру арнайы құрылғылар мен бақылауды айналып өтіп, білінбей таралуы мүмкін» деген қорытындыға келді.

Алматы, NEGE. «Сырқат екендігін нақты көрсететін ешбір белгісі жоқ 10 жасар ауру бала Қытайда табылды. Оның бойынан коронавирусқа тән бірде-бір белгі ұшыраспаған. Дәрігерлер ол балақай маңайындағыларға ауру жұқтыруы мүмкін екенін айтып отыр», – деп жазады Forbes басылымы.

The Lancet медициналық журналында Қытай ғалымдарының бір тобы «Коронавируспен ауыратын науқастардың бір бөлігі аурудың айқын белгілерін көрсетпеуі мүмкін, бірақ олар басқаларға жұқтырады», деген тұжырымға келіп отыр.

Зерттеу авторларының пікірінше, коронавирустің бұндай жұмбақ жағдайлары аурудың тез таралуына себеп болуы мүмкін. Ғалымдар  сырқат белгісі білінбейтін баланың табылуын қазіргі жағдайда «күтпеген құбылыс» деп бағалауда.

Негізінде дәрігерлер жас балаларда кейбір сырқаттардың, әсіресе, пневмония типтес аурулардың белгілері ересектерге қарағанда аз байқалатындығын бірауыздан мойындайды.

Bloomberg агенттігі осыған ұқсас жағдайлардың Қытайдан тыс жерлерде де кездескенін айтуда. Әсіресе, Германияда кездескен осы типтес инфекцияның төрт жағдайы мен Қытайдан келген сырқат әйелден коронавирус белгілерінің білінбеуі жөнінде арнайы тоқталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.