USD
USD
USD

Қытайда екпенің 100 миллионнан астам дозасы егілді

 27 наурыздағы жағдай бойынша Қытайда COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы қолданылды.

Қытайда екпенің 100 миллионнан астам дозасы егілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері және гигиена жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті. «2021 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша Қытайдың түрлі өңірлерінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 102,417 млн дозасы қолданылды» делінген ведомство хабарламасында. Осы аптада ҚХР билігі шетелдік азаматтарға COVID-19-ға қарсы халықты вакциналау бағдарламаларына қатысуға рұқсат ашылғанын жариялады.

Атап айтқанда, Бейжіңде 18 жастан асқан шетелдік азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын хабарлады. Вакцинация ерікті түрде азаматтың өз есебінен қытай өндірісінің екі компонентті препаратымен жүргізіледі. Бір инъекция құны 93,5 юань (ағымдағы бағам бойынша шамамен 14,3 АҚШ доллары) болады. Қытай билігі профилактикалық екпе коронавирусты жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді деп ескертеді. Алайда, ешқандай вакцина COVID-19 вирусынан 100% қорғауға кепілдік бермейді. Вакцинация аяқталғаннан кейін қоғамдық орындарда маска тағу, жеке гигиена және әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтау керек. Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандардың 94,67%-ы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ауру жұқтырғандар саны 90,1 мыңнан асты, медициналық мекемелерде коронавирус инфекциясына шалдыққан 167 адам жатыр. Өлім көрсеткіші 5,14% (4636 адам қайтыс болды).

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер