Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайда бір тәулікте 15 мың адам вирус жұқтырған

Қытайда 12-ақпанда коронавирус жұқтыруға қатысты 15 152 жаңа дерек тіркелген. Бір тәулікте аурудан 254 адам көз жұмды.

Қытайда бір тәулікте 15 мың адам вирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың дені коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясынан. Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілі Ми Фэн күні бүгінге дейін 1 171 адамның жазылғанын хабарлады.

Синьхуа агенттігінің дерегінше, коронавирус қоздырған өкпе қабынуы дертіне шалдыққандардың жалпы саны 48 206 адамға жеткен. Науқас санының күрт өсуін қытай мамандары диагностика әдістерінің өзгеруімен байланыстырады. Дегенмен Қытай билігі коронавирус індеті бақылаудан шықпағанын айтады. Жалпы күні бүгінге дейін жаңа вирустан 1 368 адам көз жұмған.

«Жұмысын атқара алмағаны үшін» Хубэй провинциясындағы Қытай коммунистік партиясы бөлімінің басшысы орнынан алынған.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА