USD
USD
USD

Қытайда белгісіз дерт белең ала бастады

Қытай үкіметі дабыл қағып, жаңадан шыққан белгісіз дерттің алдын алу жөнінде хабар таратып, өз елінің тиісті орындарына бұйрық берді.

Қытайда белгісіз дерт белең ала бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық Қытайдың халық ең көп орналасқан Ухань қаласының әкімшілігі қалада кісі өлімін көбейтіп жіберген белгісіз өкпе дерті жайлы дабыл қақты. «Белгісіз өкпе дертіне байланысты кеңінен тарап жатқан белгісіз ауруға байланысты барлық медицналық мекемелер статистика жүргізіп, сырқаттардың жағдайы баяндалып отырсын» делінген, Хубэй провинциясының бас қаласы билігінің бұйрығында.

Қазіргі таңда Қытай бұқаралық ақпарат құралдары қытайдың алдыңғы қатарлы медиктері бұл дерттің пневмонияның қай түріне жататынын әлі де анықтай алмай жатқанын мойындағаны жөнінде ақпарат таратуда.

Ухань қаласына Мемлекеттік комитеттің Қытай еліндегі денсаулық мәселесіне жауапты мамандары жеткен. Жағдай мұқият зерттелу үстінде.

Жалпығ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда 2002-2003 жылдар аралығында пневмонияның асқынған түрінен 350-ге жуық адам көз жұмыпғ бес мыңдай азамат дертке шалдыққан.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков