USD
USD
USD

Қытайда бала туу саны күрт түсіп кеткен

Қытайда бала туу саны күрт түсіп, демографиялық көрсеткіш Қытай халық республикасы алғаш құрылған алғашқы 70 жыл бұрынғы ең төменгі сатыға жетіпті. «Бір шаңыраққа – бір бала» саясаты әлсірегеннің өзінде соңғы жансанағы қытайлардың бала туу мәселесі жөнінде кісі басына шаққанда азайып кеткені байқалады.

Қытайда бала туу саны күрт түсіп кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытай Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы есеп бойынша бала туу мың адамға шаққанда 10,48 болған. Яғни, 1949 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. 2019 жылы дүниеге келген бала саны 580 мыңға азайып, жан саны 14,65 миллионға кеміген.

Бала туу көрсеткіші төмендеп кеткеніне қарамастан, кісі өлімінің азаюы арқасында Қытайдың халық саны 2019 жылы 1,4 миллиардқа жетіп отыр. 2017 жылы халық саны – 1,386 миллиард болған.

Алайда, Әлем халықтарының саны мен орналасуын зерттейтін халықаралық институт Қытайдың бала санының тоқтауы болашақта үлкен жарылыс тудыруы мүмкін деп отыр. Сәби саны аз болғанымен, қазіргі таңда Қытайда экономикаға үлес қосуға қабілетті буынның "алтын ғасыры" туып келеді. Оның үстіне, зейнет жасына шығатын қариялар саны да уақытша тоқтап тұр. Бұл бала туу көрсеткіші жаңа серпінмен ілгері басады деген сөз.

2017 жылғы санақ бойынша Қытайда бала туу АҚШ-қа қарағанда төмен (мың кісіге шаққанда 12 сәби), ал, Жапониямен салыстырғанда жоғары деңгейде (мың кісіге – 8 сәби). Бүкіләлемдік банктің есебі бойынша, әлемдік бала туу көрсеткіш мың адамға шаққанда 1,65 сәби.

1979 жылдан бастап Қытай бала туу санын шектейтін жалпыұлттық «бір перзент саясатын» енгізген болатын. Бұл ережені бұзған отбасылар жұмыстан шығарылып, түрлі айыппұл төлеп, мәжбүрлі түрде түсік жасатуға дейін барды. Қытай билігі бұл саясатты кішкене жеңілдеткеннің өзінде, 2019 жылғы санақ бойынша елде әйел санынан еркек саны 30 млн адамға артық.

2015 жылдан бастап билік «бір перзент саясатынан» бас тартқанымен, жаңа туған сәби үшін төленетін ақшалай көмек пен бала тәрбиесіндегі анаға жасалатын қолдаулардың дұрыс деңгейде көрсетілмеуінен және өмір сүру деңгейінің тым қымбаттап кетуі мен пәтерақы, ас-ауқат бағасының тұрақсыздығы елде әлі де бір баладан артық перзент тәрбиелеуге жас отбасылардың қабілетсіз екендігін көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова