USD
USD
USD

Қытайда Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті

Бүгін  Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Қытайда Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің туын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия Пара ойындарына қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.

«Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр», - деді министр.

Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors