USD
USD
USD

Қытайда 3,7 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының 3,7 миллионнан астам тұрғыны нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайда 3,7 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нөсер мен су тасқыны 3,4 мыңнан астам тұрғын үйді қиратып, 159,3 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтірді. Апат салдарынан келген тікелей экономикалық шығын 12,48 миллиард юаньнан (1,86 миллиард доллар) асты.

Жергілікті ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, биылғы су тасқыны кезеңінде Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында алты есе көп жаңбыр жауған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп.

Синоптиктердің болжауынша, Гуанси-Чжуан ауданында қатты жауын мен тайфундар болады. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны Қытайдың оңтүстігіндегі басқа аймақтарға да әсер етті.

Провинцияның негізгі су жолдарының бірі Бэйцзян өзенінің деңгейінің 100 жылдық рекордқа жетті.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов