USD
USD
USD

Қытайда 10 000 қазақстандық бар

Қытайда қазіргі уақытта 10 мыңнан астам қазақстандық азамат бар. Қазақстан үкіметі оларды чартерлік және жоспарлы рейстермен қайтаруды ұйымдастырады. Бұл туралы Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде айтты.

Қытайда 10 000 қазақстандық бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір ҚХР-да көптеген азаматымыз бар. Қазақстан СІМ мәліметтері бойынша, 10 мыңнан астам адам. Сондықтан біз оларды әуе рейсімен қайтарамыз. Бұрын Қытайдан Қазақстанға билеттер алған қазақстандықтар, әрине, міндетті түрде қайтып келуі тиіс. Біз оларды ұшудан шектемейміз, олар қайтарылады. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда Қытайдың басқа өңірлерінен азаматтарды көшіру үшін Үкімет қазір чартерлік рейстердің көмегімен қайтару мәселесін пысықтаып жатыр. ҚХР-дың басқа қалаларынан қазақстандық азаматтарды қайтаруға ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан олар рейс ұшақтарымен де, чартерлік ұшақтармен де оралуы мүмкін. Осы аптаның соңына дейін біз ҚХР-дан қалған азаматтарды қайтарамыз», – деді Біртанов ОКҚ брифингінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Ол Үкімет бұл мәселені бақылауда ұстайды деп сендірді.

«Біздің азаматтарымыздың барлығымен байланыс бар. Біз олардың жағдайын бақылаймыз. Бүгінгі таңда қазақстандық азаматтар арасында ауырғандар жоқ. Оларды қалауы бойынша қайтарамыз, яғни барлығы қайтып оралғысы келмейді. Бұл жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.