USD
USD
USD

Қытай жолы. Көршіміз НЕГЕ экономикасын тез құтқарды?

Коронавирус әлегінен айыққан Қытайда іскерлік белсенділік қалпына келіп, экономиканың мүлде жаңа үлгісі қалыптаса бастаған. Сарапшылар финтехтің күшейгенін, банктердің бизнес-стратегиялары өзгеріп, басымдықтың жасыл экономикаға қарай ауғанын тіркеп отыр.

Қытай жолы. Көршіміз НЕГЕ экономикасын тез құтқарды?
Фото: NEGE.kz

Уханнан басталған коронавирус экономиканы тұралатып, Қытайдың қаржы секторы үшін ауыр жағдай туғызды деп жазады, RiskTakers. Өткен жылдың қараша айында Financial Times Қытайдағы банк жүйесі соңғы 20 жылдағы ең күрделі проблемаға тап болып отыр деп сараптаған болатын. Талай жыл бойы үздіксіз өскен банк саласы бір мезетте қайтарылмайтын қарыздар астында қалған. Нәтижесінде үкімет араласып, үш банктің капиталына қаржы құйды.

Банктердегі ахуал нашарлап, олар пандемиядан тұралаған бизнеске несие бере алмайтын болғандықтан, Қытай билігі дереу шаралар қолданған.

Алдымен ақша-кредит саясаты жеңілдетілді. Мысалы, бізде ол керісінше қатаңдаған болатын. Мемлекеттік органдар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы ынталандыру үшін арнайы бағдарламаларды іске қосты. Ұлттық даму және реформалар жөніндегі комиссия медициналық мекемелерге және COVID-19 үшін емдеу материалдарына 300 миллион юань инвестициялады. Банктер арқылы зардап шеккен салалар мен шағын және орта бизнеске арзан несие берілді. Сонымен бірге, олардың төлем мерзімдері қайта қаралып, айыппұл салынбады.

"Осы қадамдар, ең бастысы нарық қатысушыларының ертеңге деген сенімін нығайтты", - дейді сарапшылар. Сондықтан, қазір Қытай экономикасының қалпына келуі тез жүруде, және олардың осы дағдарысты пайдаланып экономикалық бағытты түзеуге тырысып жатқандығы байқалады.

Қазақстанға келсек, оның да Қытай жолымен жүргісі келетіні көрініп тұр. Жақын арада қолдау шараларының кеңеюін күту керек. Бұл дағдарыс бір жағынан экономикамызды қайта форматтауға мүмкіндік беріп отыр. Мұнайға деген тәуелділікті азайтып, оның есесіне басқа салаларды дамытамыз десек, дәл қазір осы қадамның таптырмайтын сәті туды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси