USD
USD
USD

Қытай вакцинасы Өзбекстанда шығарылуы мүмкін

Қытайдың «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы мен өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын Өзбекстанда шығару жоспарланып отыр.

Қытай вакцинасы Өзбекстанда шығарылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі мен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту агенттігінің шақыруымен қытайлық «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясының делегациясы 23 шілдеде Ташкентке келді. Министрлігтің хабарлауынша, делегация өзбек-қытай вакцинасын Өзбекстанға өндіруді жолға қою туралы келіссөздер жүргізуге келген.

Сарапшылар вакцина өндірісінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін бағалайды. Қытай Ғылым академиясы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина жасау жобасының бастамашысы және үйлестірушісі болып табылады.

Инновациялық даму министрлігі жанындағы алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы және денсаулық сақтау министрлігінің вирусология ғылыми-зерттеу институты вакциналарды сынауға тікелей қатысқаны, сондай-ақ клиникалық зерттеулерге қосқан үлесінің арқасында Өзбекстан вакцинаның тең құқылы авторы ретінде танылды.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус