USD
USD
USD

Қытай Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин жұма күні Джо Байденмен келіссөздерден кейін Бейжің мен Вашингтон халықаралық қауіпсіздікті сақтауға бірлесіп жауапты болуы керек деді. Ол алғаш рет Украинадағы әскери қақтығысты тікелей айыптады, бірақ мұны жұмсақ тілмен жеткізді.

Қытай Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Бұл туралы Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлады.

"Мемлекетаралық қарым-қатынастар әскери қақтығыс деңгейіне дейін төмендеп кетпеуі керек", – деді Си Цзиньпин.

Бейбітшілік пен қауіпсіздік – халықаралық қауымдастықтың ең құнды қазынасы. Украина дағдарысы "Қытай көргісі келетін нәрсе емес", - деп қосты ол.

Бейжің бұған дейін Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын біржақты айыптамаған және жалпы бейтарап позиция ұстанған. Қытай БҰҰ Бас Ассамблеясының басып алуды айыптайтын қарарын қолдамады, бірақ қарсы да болмады: Бейжің өкілі дауыс беруден қалыс қалды.

"Қазір негізгі басымдықтар диалог пен келіссөздерді жалғастыру, бейбіт тұрғындардың қазасына жол бермеу, гуманитарлық дағдарыстың алдын алу, соғыс қимылдарын тоқтату және соғысты тезірек аяқтау", - деді Қытай басшысы Байденмен келіссөздерден кейін.

Кейін Ақ үй әңгіменің өз нұсқасын ұсынды. Президент Байден, оның өкілдерінің айтуынша, Ресейге материалдық көмек көрсетілген жағдайда оның салдары болатынын Бейжіңге ескерткен.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов