USD
USD
USD

Қытай Украина мен Ресей арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Қытай Украинадағы жағдайдың "нашарлауына" алаңдайтынын айтты, - деп хабарлайды  Reuters агенттігі

Қытай Украина мен Ресей арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. Қытайдың мемлекеттік кеңесшісі Ван И АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде барлық тарапты сабырлық танытып, келіспеушілікті диалог арқылы шешуге шақырғанын қайталады.

Қытай сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, кез келген елдің заңды қауіпсіздік мәселелеріне құрметпен қарау керек екенін айтты.

"Украина мәселесіне қатысты Қытай тарапының ұстанымы дәйекті, кез келген елдің заңды қауіпсіздік алаңдаушылығы құрметтеліп, БҰҰ жарғысының негізгі мақсаттары мен қағидаттары қорғалуы керек", - деді Ван И.

Ол Пекиннің Украинадағы жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырғанын және барлық тараппен байланысын жалғастыратынын айтты.

Бұған қоса, Қытай Халық Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Чжан Цзюньдің айтуынша, Бейжіңде Украина төңірегіндегі дағдарысты реттеу барлық мүдделі тараптың алаңдаушылығын ескере отырып, диалог пен консультацияға сай өтуі тиіс деп санайды.

"Украинадағы жағдайға көптеген күрделі фактор әсер етті. Біздің ойымызша, барлық халықаралық даулар мен келіспеушіліктер бейбіт жолмен шешілуі керек", - деді дипломат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында.

Чжан Цзюнь Қытайдың бар алаңдаушылықтарды ескере отырып, Украина мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған барлық күш-жігерін құптайтынын және барлық тарапты жағдайдың шиеленісуіне әкелетін әрекеттерден бас тартуға шақыратынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қуанышбек Серікжанов

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

.