USD
USD
USD

Қытай үкіметі: АҚШ әлемде шашырап жатқан жасырын түрмелерін жабуы тиіс

Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь АҚШ билігі дүние жүзінде шашыраңқы орналасқан құпия абақтылар мен тұтқындарды азаптаумен аты шыққан Гуантанамодағы халықаралық лаңкестердің түрмесін дереу жабуы керек деп мәлім етті.

Қытай үкіметі: АҚШ әлемде шашырап жатқан жасырын түрмелерін жабуы тиіс
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «АҚШ өз әрекеттерін қайта қарап, Гуантанамо абақтысы және дүние жүзінде шашыраңқы орналасқан жасырын түрмелерді дереу жабуы керек», – деді дипломат.

Оның айтуынша, АҚШ әлемнің барлық елдерінде азаматтарды негізсіз тұтқындауларды жалғастыруда. Ол Бейжің атынан тұтқындарға қатысты қиянат жасауды тоқтатуды талап етті.

Бұған қоса, Қытай АҚШ «жәбірленушілерден кешірім сұрап, өтемақы төлеуі керек, ал азаптағандарды жауапқа тартуы керек» деп санайды.

Вэнбин Гуантанамо түрмесін «адам құқықтары тарихындағы қаралы парақ» деп атап, мәселенің артында одан үлкен қылмыс жатқанын алға тартты. 

Қазір оқып жатыр

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық