Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ

 Коронавирус Қытайдың еңбек нарығын тұралатты, деп хабарлайды «Хабар 24». Елде жұмыссыздық көбейді. Сырттан келген мигранттар тұрмақ, өз халқын жарылқай алмай жатқан Қытай жоғарғы оқу орындарының түлектеріне де жұмыс тауып беруі керек.

Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл олардың саны 8 миллионнан асады. Мұнда қазір індет салдарынан дәстүрлі «Жұмыс орындары» жәрмеңкесі де өтпейтін болған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қытайда жұмыс жөнінде ұсыныстар саны 27%-ке қысқарды. Әсіресе, қызмет көрсету мен ойын-сауық салалары зардап шекті. Бұл – Бейжің университетінің зерттеу нәтижесі. Былтырғы жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда Қытай экономикасының өсімі 6,8%-ке төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы білікті қызметкерлер қатарына қосылатын түлектер үшін де ең ауыр кезең болмақ.

 Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі Ян Чжэньбинь: "COVID-19 індетінің жайылуынан еңбек нарығы зардап шекті. Алайда жағдайды тұрақтандыру үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Қазір адамдар әскери немесе мемлекеттік қызметке қабылданып жатыр. Сонымен қатар ауылды жерлерде білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту мақсатында жастар жұмысқа тартылып жатыр" деді.

Алдағы уақытта Қытай үкіметі 9 млн жұмыс орнын ашпақ. Ол үшін бірнеше жоба іске асырылды. Мысалы білім министрлігі жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін 100 күндік науқан жариялады. Оған сәйкес арнайы интернет платформада түрлі саладағы бір миллионнан астам жұмыс орны ұсынылды. Бастаманы жергілікті университеттер де қолдап, онлайн жәрмеңке өткізуге кірісті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА