Қытай Ресей мұнайын импорттауды арттырды
Қытай Ресей мұнайын импорттауды арттырмақ.
Алматы, NEGE. Қытай Шығыс Сібір-Тынық мұхиты құбыры арқылы жеткізілетін ресейлік мұнай импортын арттыруда. Бірақ ковидтің қайта өршуіне байланысты елдегі энергия ресурстарына сұраныс төмендеп барады. Сондықтан кейбір сатып алынған баррельдер жерүсті қоймаларына түсуі мүмкін деп хабарлайды profinance сайты. Vortex кеме қатынасы компаниясының мәліметінше, осы айда Козьмино портына жүктелген 21 мұнай танкерінің 20-сы Қытайға жүзіп барады. Қытай басқа сатып алушылардың көпшілігі бас тартқан Ресей мұнайын көптеп сатып алып жатыр. Шығыс Сібір-Тынық мұхиты құбыры арқылы өтетін мұнай қытайлықтар үшін ең тартымды өнім. Өйткені оны алыстан әкелудің қажеті жоқ.
Коронавирустың жаңа толқынына байланысты қара алтынға сұраныс қалай болатыны белгісіз. Бірақ Пекин Мәскеумен арзан ресейлік мұнайды алып, стратегиялық қорларын толықтыруға ниет білдіріп, осы бағытта келіссөздер жүргізіп жатқаны жазылған. Теңгенің долларға шаққанда бағамы нығайды. Егер рубль қымбаттай берсе, төл ақшамыз одан сайын нығайып, бір доллар үшін 400 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Ерлан Бияқаев осылай дейді. Бірақ нарықтағы жағдай күнде құбылады. Сондықтан сарапшының пікірінше, теңгелік депозиттер бүгінгі таңда жинақты сақтаудың ең сенімді құралы. Әрине олардың кірісі аз. Бірақ салымдар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.