Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай мен Үндістан әскерлері атысып жатыр 

Қытай мен Үндістан арасындағы шекараның даулы бөлігінде екі ел сарбаздары арасында қарулы қақтығыс болып, кемінде 20 сарбаз қаза тапты.

Қытай мен Үндістан әскерлері атысып жатыр 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, бұл соңғы 45 жыл ішінде осы аумақта алғаш рет болып отырған қарулы қақтығыс. Оқиға Үндістанның Ладакх облысында болған.

BBC сайтының жазуынша, Үндістанның қарулы күштері бастапқыда екі жақтан да адам шығыны барын хабарлап, үш сарбаздың қаза тапқанын айтқан. Алайда сейсенбі күні кешке қарай Үндістан әскерінің ресми өкілдері жарақаттан 17 сарбаз көз жұмғанын, жалпы 20 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Үндістанның сыртқы істер министрлігі Қытайды Галван өзені маңындағы үнді-қытай шекарасының даулы бөлігінде өткен аптада келісілген шекара сызығы туралы келісімді бұзды деп айыптады.

Қытай тарабы қанша адамның қайтыс болғанын айтпады. Қытайдың СІМ Үндістанды шекараны бұзды деп айыптады. Министрлік өкілінің айтуынша, 15 маусымда "үнді сарбаздары қытай шекарасын екі рет кесіп өтіп, қытай сарбаздарын шабуыл жасауға итермелеген". AFP жазуынша, дипломат оқиғаны екі ел әскері арасындағы ірі текетірес деп атаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА