USD
USD
USD

Қытай мен Оңтүстік Кореяда індет қайта бас көтерді

Қытай билігі жексенбі күні ел астанасы Бейжіңде бір күннің ішінде коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсіп кеткенін хабарлады. Жалпы ел аумағында жаңа 57 науқас тіркелсе, оның 36-сы Бейжің тұрғындары. Бұл Бейжіңдегі азық-түлік сататын ең ірі көтерме базарды жауып, іргелес аудандарға кіріп-шығуға шектеу қойылған соңғы екі айдағы бір күнде тіркелген ең көп науқас саны екен.

Қытай мен Оңтүстік Кореяда  індет қайта бас көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейжіңнің оңтүстік-шығысында орналасқан «Синьфади» базары мен оған жақын орналасқан тұрғын үй кешендері сенбі күні жабылған.  Бұған тест тапсырған 50-ден астам адамнан ауру белгісінің табылғаны себеп болған.

Қала билігі базарға жақын 11 тұрғын үй кешенін жауып тастаған. Бұл Қытайдың коммунистік партиясының наурыз айында ел індетті түбегейлі жеңгені туралы мәлімдемесінен кейінгі қолға алынған алғашқы қатаң шара.    

Ал Оңтүстік Корея билігі тағы 34 адамнан коронавирус табылғанын, олардың дені ел астанасы Сеулден екенін мәлімдеді. Ресми дерек бойынша бұл елде індет жұқтырған 12 085 науқас тіркелген, оның 10 718-і жазылған, 1 090  адам ем қабылдауда, 277-сі көз жұмған.  Жаңа науқастар ауруды кешқұрым мейрамханаға барғанда, базарда, үлкен сауда қоймасында, шіркеуде жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс