USD
USD
USD

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қыркүйек күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зілзала Алматы уақытымен сағат 07:06-да болған.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым қашықтықта Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық класы 10.8. Магнитудасы - 4.7. MPV. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстікке қарай 426 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеген.

Сондай-ақ, осыдан екі күн бұрын да Қытай аумағында 4.7 магнитудалы зілзала болған еді.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар