USD
USD
USD

Қытай Марсты зерттейтін алғашқы ғарыш миссиясын ұшырды 

Қытай алғашқы «Тяньвэнь-1» автоматтандырылған планетааралық станциясын ұшырды.

Қытай Марсты зерттейтін алғашқы ғарыш миссиясын ұшырды 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Станция 2021 жылдың 11 ақпанында Марсқа жетеді. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Ғарыш аппараты жалғанған ауыр «Чанчжэн-5» зымыран тасығышы 23 шілдеде оңтүстіктегі Хайнань провинциясында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан ұшты. 36 минуттан соң зонд орбитаға шықты.

Миссия мақсаты – Марстағы тіршілік ізін зерттеу, сонымен бірге адамзаттың планетаны колонизациялау мүмкіндігін қарастыру. Миссия сәтті өтсе, ғалымдар планетаның атмосферасын, рельефін, магнит өрісін және басқа да ерекшелігін тексере алады. Қытай билігі 2017 жылы Күн жүйесін зерттеу жөніндегі ауқымды жоспарын жариялады. Марсты зерттеу - осы жоспардың бір бөлігі.

Осы аптада осымен екінші миссия Марсқа аттанды. 20 шілдеде Біріккен Араб Әмірлігі ғарыш аппаратын қызыл планетаға ұшырған.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны