USD
USD
USD

Қытай құны $20 млрд тұратын ірі мұнай-химия кешенін салады

Қытайлық мемлекеттік жоспар Шаньдун провинциясында құны $20 млрд тұратын ірі мұнай-химия кешенінің құрылысын мақұлдады, деп хабарлады Reuters.

Қытай құны $20 млрд тұратын ірі мұнай-химия кешенін салады
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE.  «Қытай мемлекеттік жоспары Қытайдағы тәуелсіз мұнай өңдеуші зауыттардың орталығы болып табылатын Шаньдун провинциясында құны $20 млрд тұратын мұнай өңдеуші және мұнай-химия кешенінің құрылысын алдын-ала мақұлдады. Дүйсенбі күні Қытайлық даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссия (NDRC) Шаньдун провинциясының үкіметіне Яньтайда қуаты тәулігіне 400 мың мұнай баррелі мен 3 млн тонна этилен өндіретін МӨЗ құрылысы бойынша жобаны әзірлеуді бастауға рұқсат берді», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, Қытайдың шығыс провинциясындағы бұл кешен құрылысының жобасы алғаш рет бірнеше жыл бұрын ұсынылған. Алайда ол жүзеге асырылмаған. Себебі Қытай ол уақыт аралығында мұнай өңдеу саласындағы шамадан тыс қуат проблемасын шешуге тырысқан. Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қолдау үшін Бейжің инфрақұрылым шығындарын арттырғаннан кейін барып, жоба биыл қайта жанданды.
«Жоба Қытайға мұнай-химия өнімі импортын қысқартуға көмектесуі мүмкін. Шаньдундағы мұнай-химия саласы бәсекеге қабілеттілігі Даляндық Hengli Petrochemical зауыты мен Zhejiang Petrochemical Corp. корпорациясының Чжоушань мұнай-химия кешені секілді ірі мұнай-химия кешендері іске қосылғаннан кейін төмендеген. Жоба операторы Shandong Yulong Petrochemical кешен құрылысына шамамен 140 млрд юань ($20 млрд) жұмсауды жоспарлауда, деді дереккөздерінің бірі. Жоба инвесторлары Shandong Nanshan Group жеке металлургиялық зауыты мен Шаньдун провинциясының үкіметі болып табылады», - делінген жарияланымда.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.