USD
USD
USD

Қытай қорғанысқа қыруар қаржы жұмсамақ

Қытай билігі 2021 жылы ұлттық қорғанысқа жұмсалатын шығынды 6,8%-ға, яғни 1,355 трлн юаньға дейін (шамамен 209 млрд жоллар) арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы биылғы жылға арналған орталық және жергілікті бюджет баяндамасының жобасында айтылған.

Қытай қорғанысқа қыруар қаржы жұмсамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық қорғанысқа жұмсалатын шығын 1,355 триллион юаньға жетіп, 6,8%-ға өседі», – делінген баяндамада.

Еске сала кетейік, 2020 жылы ҚХР-дың қорғаныс бюджеті 6,6%-ға (1,26 трлн юаньға дейін), ал 2019 жылы 7,5%-ға (1,19 трлн юаньға дейін) ұлғайған болатын. Бұл ретте 2021 жылы сыртқы саяси қызметке жұмсалатын шығындар 1,9% -ға, яғни 50,414 миллиард юаньға (шамамен 7,76 миллиард доллар) дейін азаяды, ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындар 0,7% -ға, яғни 185,092 миллиард юаньға (шамамен 28,5 миллиард доллар) дейін өседі.

Жалпы алғанда, орталық бюджеттің жеке шығындары 3,5 трлн юаньды (шамамен 539 млрд доллар) құрайды, бұл көрсеткіш екінші жыл қатарынан 0,2%-ға төмендеген.

Бұған дейін Бейжіңде 13-ші сайланған Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының (БХӨЖ, парламент) төртінші сессиясы ашылғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті