USD
USD
USD

Қытай компьютер ойындарын тікелей эфирден рұқсатсыз көрсетуге тыйым салды

Мұндай шешімді Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті радио және телеарна бас басқармасы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай компьютер ойындарын тікелей эфирден рұқсатсыз көрсетуге тыйым салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қытай ұлттық радио және телеарна әкімшілігінің сайтының мәліметінше, бұл тыйым компьютерлік ойындар арқылы тікелей эфирде таратылатын қатыгездікпен және жасөспірімдердің ойын тәуелділігімен күресуге бағытталған.

«Құзыретті органдардың арнайы рұқсатынсыз компьютерлік ойындарды интернетте және аудиовизуалды желілерде таратуға қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты заңсыз ойын контентін көрсету үшін фильмдер мен телехикаяларды, эстрадалық шоуларды, бейне ағындары мен қысқа бейне қызметтерді пайдалануға болмайды», - делінген жарияланымда.

Сондай-ақ, билік стримерлердің тәртібі критерийлерін қалыптастыруға ұмтылып жатқаны айтылған.

«Этикалық норманы бұзатындардың тікелей эфирді пайдалануына және олардың экранда көрсетілуіне қатаң тыйым салынады. Мұндай адамдардың экранда көрінуі қадағаланады», - деп жазылған құжатта.

Бұдан басқа, пайдаланушылардың ойын контентіне трафигін ұлғайтуға тыйым салынды және интернет-платформаларға кәмелетке толмаған пайдаланушыларды қорғау тетігін қалыптастыруға нұсқау берілді. Еске салайық, бұған дейін Қытай үкіметі оқушыларға жұмыс күндері (жұма, сенбі, жексенбіні қоспағанда) видеоойын ойнауға тыйым салды.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян