Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай «қырғи-қабақ соғыстан» бас тарта ма?

Қытай АҚШ «қырғи-қабақ соғыс» идеясынан бас тартады деген үмітте екенін айтты, – деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

Қытай «қырғи-қабақ соғыстан» бас тарта ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Xinhua ақпарат агентігіне берген сұқбатында Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И әлем идеологиялық блокқа бөліну қаупі алдында тұрғанын айтты.

«Бұл – адамзаттың прогресі мен даналығын ескермеу ғана емес, әрі тарихтың дөңгелегін кері бұрудың орынсыз әрекеті», – дейді ол.

ҚХР сыртқы істер министрі қазіргі таңда Қытай мен АҚШ арасындағы байланыс ушығып тұрғанын атап өтті. 

Ван И ҚХР бұрынғы КСРО-ның жолын таңдамайтынын, ашық байланыс орнатуды қалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қытай әлемнің дамуына және халықаралық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосады.

Бейжің мен Вашингтон арасындағы байланыс соңғы айларда түрлі себептермен ушыға түсті. Қос мемлекет коронавирус пандемиясы, аз ұлт өкілдерінің құқығын сақтау, сауда-саттық сынды күрделі мәселелерде бір ұстанымға келе алмады.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау