Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай қазақтың күйеуі мен әйелінің бірге болу мәселесін шешпек

Қазақстан дипломаттары мен Қытай өкілдері қазақ отбасыларының қосылу мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қытай қазақтың күйеуі мен әйелінің бірге болу мәселесін шешпек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті. (…) Келіссөздер барысында тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті консулдық-құқықтық мәселелерін жан-жақты талқылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Қытай делегациясына Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Цуй Айминь төрағалық етті.

«Тараптар Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі елдің халықаралық әуежайларына кіруі/шығуының және транзитпен өтуінің қолданыстағы тәртібі туралы өзекті ақпаратпен алмасты. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына Қытайға бару үшін ҚХР жеке туристік және іскерлік визаларын беруді жалғастыру мүмкіндігі талқыланды. Консультациялар барысында Қазақстан тарапы екі мемлекеттің ұлты қазақ азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева