Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай Қазақстанда 56 заманауи кәсіпорын салатын болды

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен (Wang Shouwen) Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігінің 2-ші отырысына дайындық бойынша келіссөздер өткізді. 

Қытай Қазақстанда 56 заманауи кәсіпорын салатын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған.

«2020 жылы Қытаймен тауар айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті. Қытайға экспорт 9 миллиард доллар, импорт 6,4 миллиард доллар болды. Қытай Қазақстанға инвестиция салған ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді», – деді вице-министр «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығын дамытуға арналған жиында.

Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламаларында қойылған міндеттерге сәйкес «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының Қазақстан-Қытай халықаралық орталығы бүкіл қайта жанданып келе жатқан Ұлы Жібек жолының маңызды нүктесіне айналғанын және бірегей әрі табысты мемлекетаралық жоба екенін атап өтті.

«Қытайға тікелей инвестицияның жылыстауы (отток) $ 667,2 миллион доллар болды.Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $ 24,5 млрд - қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады», – деді Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, бүгінде «Қорғас» ШЫХО-ның Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 миллиард теңгеге 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша 24 компания жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел