USD
USD
USD

Қытай қазағы маусым айында UFC-де өнер көрсетеді

Мақсат Қайсар жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Алғашқы жекпе-жек биыл маусым айының басында өтеді, деп хабарлайды sputnik.kz.

Қытай қазағы маусым айында UFC-де өнер көрсетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 маусымда Сингапурдегі FC 275-те Мақсат Қайсар (ММА-да - 6-1, қытайша есімі - Махешат Хайсар), америкалық Стив Гарсияға қарсы жекпе-жекке (ММА-да 12-4, UFC-де 1-1) шығады.

Айта кетері, ол өнер көрсететін жеңіл салмақта Дамир Исмағұлов та бақ сынайды. 23 жастағы Қайсар былтыр қыркүйек айында "Дана Уайттың үміткерлер шоуында" (DWCS) жеңіске жеткеннен кейін келісімшартқа қол қойды. Ал сол жекпе-жекте ол аутсайдер болып саналды. АҚШ-та 5-тен жоғары коэффициент берілді.

Қайсар - DWCS шоуының Қытайдан келген алғашқы жеңімпазы. Дана Уайт жаңадан шыққан есімге тәнті болып: "Ол жас, оған жұмыс істеу керек, бірақ оның болашағы зор. Ол - ерекше", - деді.

DWCS жекпе-жегінен кейінгі сұхбатты Қайсар қазақ тілінде аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur