USD
USD
USD

Қытай гуманитарлық көмек жіберді

Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде Қытай Халық Республикасының Үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайына жеткізілді. 

Қытай гуманитарлық көмек жіберді
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Aлматы, NEGE. Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйе, сондай-ақ, 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 - түйіспесіз термометр, 30 мың қорғаныс костюмі мен 600 мың маска кірді. Қорғаныс құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдар арасында таратылады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚХР Үкіметіне жаһандық пандемия жағдайында ұсынылған гуманитарлық жүк үшін ризашылығын білдіреді. Біздің қытайлық әріптестеріміздің игі әрекеті Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген бекемдігін көрсетеді, - делінген хабарламада.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев