Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакцинаны маймылдарға сынады

Қытай ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакцинаны маймылдарға сынауының қорытындысын жариялады. Вакцина SARS-CoV-2 вирусына қарсы тұрақты қорғау қасиетіне ие екенін көрсетті. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі Cell журналына жарық көрген ғылыми мақалаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай ғалымдары COVID-19-ға қарсы вакцинаны маймылдарға сынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вакцинаға инфекциялық ауруларды қоздыратын өлі микроорганизмдер қолданылған.

BBIBP-CorV препаратын Бейжің биологиялық өнімдер институты, Қытайдың Науқастардың алдын алу және бақылау орталығы және Медициналық зерттеу академиясы бірлесіп сынаған. Ақпаратқа қарағанда, адам ағзасындағы вирусқа қарсы күресетін қарсы дене (антитело) организм клеткаларын патогендік және инфекциялық вирустардан қорғап, олардың биологиялық белсенділігін жояды.

Соңғы айларда көптеген елдерде ғалымдар коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцинаны сынауды бастаған. Тәжірибе ерікті адамдар мен жануарларға жүргізілді. Нақты нәтижесі бір жарым жылдан кейін белгілі болатыны айтылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА