USD
USD
USD

Қытай дәрігерлері белгісіз коронавирусқа шалдыққан науқасты емдеді

Ухань университетінің орталық ауруханасының мамандары жаңа типті коронавирус жұқтырған науқасты емдеудің жолын тапқандарын мәлімдеді. Бұл туралы Қытайдың "Гуаньча" басылымы хабарлады.

Қытай дәрігерлері белгісіз коронавирусқа шалдыққан науқасты емдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ухань қаласындағы Чжуннань университетінің дәрігерлері пневмонияның жаңа белгісіз түріне шалдыққан науқасты экстракорпоралды мембраналы оксигендеу әдісімен сәтті емдегендерін мәлімдеген.

Ухань қаласының медициналық емдеу жөніндегі сарапшылар тобының сарапшысы Ся Цзяньнің айтуынша, коронавирустың жаңа түрі қоздырған өкпе қабынуы індетінен бірінші кезекте науқастардың өкпесі зардап шегеді.Сол себепті дәрігерлер адам өкпесіне көмектесу үшін науқасты жасанды мембраналы өкпеге қосқан. Жасанды өкпе жұмыс істеп тұрған кезде адам ағзасы мен өкпесі толығымен вирустан арылып, әрі күш жинайтын көрінеді. Дәрігерлер науқастың жағдайы жақсарған соң, жасанды өкпені алып тастаған. Дегенмен мамандар бұл әдіс ауруды түбегейлі жеңеді деп айта алмайды, сол себепті жаңа коронавирусты емдейтін вирусқа қарсы арнайы препарат ойлап табу қажет деп отыр.  

 

 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель