USD
USD
USD

Қытай азаматтағынан бас тартқан

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі биыл қаңтар мен қыркүйек айы аралығында 4500 этникалық қазақтың Қытай азаматтығынан шығуы рәсімделгенін мәлімдеді.

Қытай азаматтағынан бас тартқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «9400 қазақ Қазақстандағы туыстарымен кездесу үшін құжат алды» делінген Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында 10790 этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын қабылдаған, Министрлік дерегінше, өткен жылы 18 мыңнан астам этникалық қазақ азаматтық алған.

Қазақстанда тұрып жатқан, бірақ азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан азаматтығы беріледі. Ал шетелден көшіп келген этникалық қазақтар Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алады.

Шілде айында жергілікті ақпарат құралдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сілтеме жасап, 2019 жылдың алты айында 7000-ға жуық этникалық қазақтың Қазақстанға қоныс аударғанын хабарлаған болатын. Соның ішінде Өзбекстаннан - 3800, Қытайдан 1553 адам көшіп келген. Мұнан басқа Түрікменстаннан 532, Моңғолиядан – 402, Ресейден – 145, Ираннан – 62, Қырғызстаннан – 46, Тәжікстаннан – 11, Түркиядан үш этникалық қазақ тарихи отанына оралған.

Ресми дерек бойынша, Қытайда 1,6 миллион қазақ тұрады.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен