USD
USD
USD

Қытай азаматы Қазақстанда «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құрып, қашып кеткен

«Chia Tai Tianqing» Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген, деп хабарлады ҚМА.

Қытай азаматы Қазақстанда «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құрып, қашып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы. Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналықан.

Олардың жеке басы анықталды. Олар инвесторларға компанияға салынған инвестициядан жоғары қайтарым алуға уәде берген. Жаңа салымшыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде сыйақы беруді уәде еткен. Салымшыларға қаражаттың қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылмайды, келісім-шарт жасалмайды.

Компанияның жұмысы жасырылған, Қытайдың белгілі «Chia Tai Tianqing» компаниясының логотипі қолданылған, ал олардың қытайлық компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі, алдын ала мәлімет бойынша, 7 млрд теңгеден асады.

Өткен аптада Алматы қаласы департаментіне жәбірленушілерден аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 200-ден астам өтініш келіп түскен. Қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті үш жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе