Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай Айға Chang'e-5 ғарыш кемесін аттандырды

Егер сапар сәтті болып жатса, Аспан асты елі елу жылдан бері осы аспан денесінің үлгісін жерге жеткізген ел атанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытай Айға Chang'e-5 ғарыш кемесін аттандырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың ежелгі құдайларының бірінің атымен Chang'е-5 деп аталған ғарыш кемесі Хайнань аралындағы Вэньчан айлағынан ұшырылды. Ғарыш аппаратын кеңістікке «Чанчжен-5» зымыраны алып шықты. Миссияның басты мақсаты – айдың пайда болуын тереңірек зерттеу үшін аспан денесінің үлгілерін жерге жеткізу.

Chang'e-5 айға 8 күннен кейін қонады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғарыш аппараты ай бетінде 2 күнге жуық зерттеулер жүргізеді. Егер миссия сәтті аяқталса Қытай соңғы 44 жылда АҚШ пен Кеңестер одағынан кейін ай қатпарының үлгілерін жерге алып келген үшінші мемлекетке айналады.

Қытай өткен жылы да айға аппаратын ұшырып, оны арғы бетіне қондырған еді. Ал биыл шілде айында Марсқа тағы бір құрылғысын аттандырды. Бейжің 2022 жылға таман ғарыш станциясын аттандырмақ ниетте.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық